#добрыйбизнес

Ағарған — өмірдің таңғажайып шаттығы!

Рухани ұлттық мәдениет оған жанасқан әрбір жанды өзінің емдік қасиетімен қуаттандырып, шабыт береді. Оның ажырамас бөлігі мен негізгі өзегі, жаны – оның ұлттық тілі. Қазақ тілі — Ұлы Дала ұрпағының жан тебірентер таңғажайып үні, өткен күн мен қазіргі шындық арасындағы тал көпір, түркі тілдерінің қыпшақ тармағына жататындықтан, ол халықтың семантикалық тарихы мен даналығының ғаламдық мәйегін мұқият сақтайды. Ал оның әуезділігі мен тереңдігі сұлулықты шынайы бағалай білетіндердің құлақ құрышын қандырады.
Күнделікті өмірде еститін әдемі, әуезді сөздерді кейде біз мүлдем өзгеше қанық реңктегі мағынада кездестіріп жатамыз . Мысалы, мынау әуезді АҒАРҒАН сөзі. Маңғыстауда біз адамдардан осынау құлаққа жағымды сөзді қалай дұрыс аудару керектігін сұраған едік. Біреу оны жай ғана «ақ» деп аударса, ендібіреулер оның түп-төркінінен таңғы тұманды, жаңа басалған күннің ақ жамылғысын көреді, ал тағы біреулер үшін бұл сөз денсаулыққа пайдалы ақ түсті қасиетті сусын дегенді білдіреді.

Егер одан да тереңірек зер салатын болсаңыз, бұл Жаратушының өзі кие беріп, ағартқан таңғажайып дүниесі. Нияз Тұнғышұлы Байжанов сүт өнімдерін шығаратын зауыт салар уақытында «Ақарғанның» сөзінің дәл осы мағынасына ерекше мән береді. Маңғыстау облысында «AGARGAN» зауыты үш жылдан астам уақыттан бері облыстың тұрғындарын денсаулыққа пайдалы жоғарғы сапалы түрлі сүт өнімдерін шығарып, табысты жұмыс істеп келеді.
Осы уақыт аралығында зауыт өндірістік жұмысшыларын шыңдап және оларды өндірісте нығайтуға септігін тигізген көптеген сынақтардан өтті. Директорлар ауыстырылды, әр түрлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді, және жақында өндіріс иесі және инвесторы зауыт тағдырын өз қолына алып, белсендіжұмысқа кірісті.
Күні кеше ғана Нияз Тұңғышұлы Ақтау қаласының халық емшісі және блогерімен біргіп өз өнімдерін таныстырды, оның пайдалы қасиеттері мен зауыттың келешегі туралы айтты»:
https://instagram.com/…/ainur…/2571986010288191155….

«AGARGAN» бүгінде барлық сапа стандарттарына сәйкес келетін: айран, қаймақ, сүзбе, Таң, және йогурттің бірнеше түрі секілді ерекше дәмді қышқыл сүт өнімдерін шығарады
Жергілікті фермерлерден сатып алынған түйе сүтін пайдалана отырып арнайы рецепт бойынша дайындалған ұлттық сусын «Шұбат» — ерекше танымалдылыққа ие. Бұл дала көшпенділері , біздің ата-бабаларымыз ежелден сусын ретінде кең тпайдаланған дәмді, әрі пайдалы сусын. Біз «AGARGAN» компаниясының жоғары сапалы сүт өнімдері қазақстандықтардың дастарханында өзінің лайықты орнын табады деген сенімдіміз, өйткені ол бүгіннің өзінде сарапшылар мен қарапайым тұтынушылардың жоғарғы бағасына ие. Бұл жергілікті өнім — біздің Ұлы Даламыздың, біздің ұлы және жомарт еліміздің өнімі.

Қазақстанда көптеген әдемі жерлер бар, өзінің таңғажайып көрінісі мен алуан түрлілігі арқылы таң қалдыратын тамаша мекендер аз емес: асқақ таулар, қалың ормандар, аңызық желді жазықтар — осынау молшылық тек жергілікті тұрғындар ғана емес, елімізге келген саяхатшылардың да айызын қандырып, сүйсіну мен ерекше қуат беру үшін жаралғандай.
Маңғыстау өңірі де Үстірт жазығы, Қаракие ойпаты, Бекет ата мешіті секілді таңғажайып табиғат көріністері мен құндылықтарына бай. Біздің қор Қазақстанныңтабиғаты, еліміздің таңғажайып мекендері туралы бірнеше көркем деректі фильмдерәзірледі, оларды «Аманат. Аналар аманаты» Yutube -арнасынан тамашалай аласыздар. Бұл таңғажайып мекендердің құдіреті мен ұлылығын, сан қырлылығын біздің қазақ тілі өн бойына сіңірген.

Біздің ұлы даламыз халықпен бірге тыныс алып, бізге күш-қуат беріп, ұлы халықпен бірге болуға дем береді. Жусанның ащы хош иісіне, шексіз кеңістігіне, салқын самалына деген сүйіспеншілік — барлық қазақстандықтарды бір арнаға біріктіреді! Біз Отанымыздың осы сиқырлы табиғатын қорғауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз.
Біздің көптеген жобалар осы мәселеге арналған. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін ұлттық нақыштағы шопер сөмкелерін тігу бойынша қолданбалы курстар өзалдына екі жаһандық міндет қойды: бірі — қазақ халқының ою-өрнектеріндегі әсемдікті насихаттау болса, сонымен қатар, мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін күнделікті өмірде экологиялық тұрғыда пайдалы шешім қабылдап, табиғатты ластайтын целлофан пакеттердің орнына тамаша шүберектен жасалған шопер-сөмкелерді пайдалану.

Маңғыстау облысында жақын арада этно туризм үшін барлық жағдайларды жасау жоспарланып отыр, және осы жаңа этникалық инфрақұрылымның бір бөлігі болып табылатын — Ақтау қаласының жақын маңындағы Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылында(5 квартал, 1059-бет). орналасқан AGARGAN зауыты
Нияз Тұңғышұлын осы зауытты салуға шабыттандырған біздің әсем әуезді жазықтар, ұлттық мәдениет, және ең бастысы — туған жерде еңбек етіп, туған топырақты бағалап және қорғаштай білетін адамдарға деген сүйіспеншілігі. Ол жергілікті тұрғындармен жақсы таныс, олардың әңгімелерін мұқият тыңдайды және олардың ашық жүректеріне сенеді.
Мәселен, ол бізге өте қызықты жас жігіт туралы айтты – Мәмбетнияз зауытқа түйе сүтін тасымалдаушы, ол көптеген жылдар бойы отбасымен бірге түйе өсіріп келеді. Сондай-ақ, Нияз Тұңғышұлы сексенді алқымдаған (қазірдің өзінде 80 жаста) жергілікті тұрғын — Тәжіхан апаны қатты құрметтейді, ол да түйе өсірумен айналысады, зауытқа сүт жеткізеді және өзін тың сезінеді және өмірлік тәжірибесімен, халық даналығымен қуана бөліседі.
Зауыттың иесі жұмысшылармен және сүт жеткізушілермен жақсы қарым-қатынаста, олардыөзінің серіктестері ретінде қабылдайды –тәжірибе алмасуды ерекше құрметпен, ілтипатпен қабылдайды. Бұл қасиет — адам өз жұмысына серіктестік тұрғысынан келгенде өте маңызды.

«Менің өмірімде көп нәрсе болды, — дейді Нияз Тұңғышұлы, — адамдармен жұмыс жасау және олар менің зауытымның өнімдерін пайдаланғанда адамдарға пайда әкелетін, шипа болатын, оларға қуаныш сыйлайтын жұмыс жасау,. Бұл маған толықтай сенім береді,өйткені мен өз жерімде, ата-бабаларымның жерінде тұрғанымды мақтан тұтамын.
Жақында ұлым маған: «Мен бұрын басқа компаниялардың сүт сусындарын ішетінмін, бірақ сіздің шұбат пен йогурттардың дәмін татып көргенімде, олардың қаншалықты дәмді екеніне таң қалдым! Мен мұны сен менің әкем болғаның үшін емес, сен жақсы, мықты өндіруші болғаның үшін айтып отырмын», — деді. Баламның бұл сөздері мен үшін үлкен сый болды! Біз балаларымызға ең жақсы нәрсені бере алатынымызүшін қуанамын, өйткені олар біздің мұрамыз, және олар біздің жасаған ісімізбен мақтана алуы керек, адамдарды жақсы көріп, өз мәдениеттерін құрметтеуі керек. Мен табиғатты қорғауға байланысты іс-шараларды, Қазақстан шығаратын жоғары сапалы өнімдерді қолдаймын ».

Нияз Тұңғышұлы біздің қайырымдылық жобаларымызды да қолдайтынына өте қуаныштымыз, ол ұзақ уақыт бойы және ең басынан бастап «Домики» жобасының қызметін қадағалап келеді. Сол арқылы Ақтау маңында ауыр науқас балаларға арналған паллиативті орталық құруды жоспарлайды. Ол сондай-ақ біздің жаңа бастамамызға — «Домики – жақын жандар» жобамызға құрметпен қарайды, онда біз ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетеміз.

Осы қасиетті Рамазан айында көптеген адамдар өздерінің ниеттерін білдіріп, жүректерін жаңа – жарқын әрекеттерге бағыттайды. Нияз Тұңғышұлы да Оразаның соңғы күндерінде әйелдерді оқыту бойынша бірнеше жобаларымызға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, сонымен қатар «Домики – Я с тобой» орталығындағы ауыр науқас балаларға өзінің дәмді өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ ол ұлттың табиғи даналығы мен мейірімінің тірі көрінісі болып табылатын ұлттық әндерге, халық композиторларының әуенінеарналған бірнеше музыкалық жобаларды ұйымдастырады.

«Мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп, күн сайын балаларына бақыт пен өмір сыйлау үшін ерлікке баратын аналарға қуана көмектесемін», — дейді Нияз Тұңғышұлы. – Жаңаны үйреніп, шы,армашылық арқылы қаржы тауып, өз балаларын аялап отырған аналардың қарапайым әрекеті — оларға деген құрметімізді күшейтіп, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген жалпы қарым-қатынастарымызды жаңа белеске көтеретіні маңызды.

Мен барлық әйелдерді — ерекше балалардың аналарын Ораза мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Барлық отандастарымды құттықтаймын! Жаратқан сіздердің қайырымды істеріңізге берекет берсін!»
Сізге бақыт, денсаулық және өркендеу тілеймін! Құдіреті шексіз барлық жақсылықтарыңа батасын берсін!»
Біз Нияз Тұңғышұлының тілектеріне қуана қосыламыз! Осы мерекеде осы кісі секілді өзінің жүректерін тыңдап, маңызды шешімдер қабылдап, шығармашылығымен, өндірісімен, интеллектуалды белсенділігімен қуантып жүрген көптеген адал, мейірімді азаматтарға алғысымызды білдіреміз! адамдар сияқты бізді олардың адамдарға алғыс айтамыз! Жаратқан олардың отбасына береке берсін, Ұлы Дала жомарттығы мен даналығы бұйырсын!

Бөтен балалар болмайды, ал ауыр науқастарға, ерекше балаларға, олардың ата-аналарына көмектесу өте маңызды — оларға сүйіспеншілік сыйлап, көңіл бөлу міндетіміз. Көптеген адамдар қайырымдылық шыңындағы осы қарапайым шындықты түсініп, Нияз Тұңғышұлынан үлгі ала отырып, біздің қайырымдылық жобаларымызға қосылады деп сенеміз!
Барлығыңызға бақыт пен береке тілейміз! Мерекемен құттықтаймыз!